ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шығыс Қазақстанның демографиялықдамуының негізгі тенденциялары

Авторы

  • Надира А. Махметова Автор
  • Жанна С. Аубакирова Автор

Ключевые слова:

Шығыс Қазақстан, демографиялық даму, табиғи өсім, қоныстану, этникалық құрам, халық саны

Аннотация

Бұл мақалада Шығыс Қазақстан және Семей өңірлерінің демографиялық жүйесінің дамуы мен құрылымы жан-жақты талданады. 1959 және 1989 жылдардағы халық санағы нәтижелерін пайдалана отырып, аймақтар арасындағы халық санының динамикасы, орналасу ерекшеліктері, ұлттық және жас-жыныстық құрамы салыстырылды.

1950–1980 жылдары қазақ халқының табиғи өсімі аймақтың этникалық құрамында айтарлықтай өзгерістерге себеп болды, ал орыс халқының саны табиғи кему және көші-қон арқылы азайды. Бұл кезең қазіргі шығыс өңірдің демографиялық құрылымын анықтауда маңызды рөл атқарды.

Қазақстанның шығыс өңірі ұлттық құрамының ерекшелігі – аймақта қазақ және орыс ұлттарының басымдылықта болуында. 1950–1960 жылдардағы қазақтардың «демографиялық жарылыс» кезеңі осы өңірде аталған этностың табиғи өсімінің ұлғаюына әкеліп, шын мәнінде ХХ ғасырдың 50–80-жылдарында орын алған өзгерістердің триггеріне айналды.

Орыс этносы санының азаюы табиғи кетудің және механикалық азаюдың нәтижесінде болды. Осы жылдар Шығыс Қазақстан облысының қазіргі демографиялық жағдайын қалыптастыруда маңызды кезең болды.

Мақаланың өзектілігі – 1950–1980 жылдары орын алған демографиялық процестердің өңірдің демографиялық ахуалын анықтаудағы маңызды тарихи кезең ретінде демографиялық тенденцияларды зерттеуге негізделгенінде.

Қазіргі таңда қалыптасып отырған демографиялық үрдістердің қайнары – осы 30 жылдықтың жемісі болды. 1950–1980 жылдары туған балалар қазіргі адам сапасы деңгейінде маңызды рөл атқарып, қазіргі ұлттық жас құрамын құрап, Қазақстанның шығыс өңірінің демографиялық дамуының айқын көрінісі болып отыр.

Демографиялық процестердің аймақтың әлеуметтік және ұлттық дамуына тигізген әсерін зерттеу негізге алынды.

Биографии авторов

  • Надира А. Махметова

    Махметова Надира Аманжолқызы – докторант, Восточно-Казахстанский
    университет имени С.Аманжолова, Усть-Каменогорск, Казахстан

  • Жанна С. Аубакирова

    Аубакирова Жанна Сакеновна – кандидат исторических наук,
    ассоцированный профессор Восточно-Казахстанского технического
    университета имени С.Серикбаева, Усть-Каменогорск, Казахстан.

Опубликован

2025-04-06

Похожие статьи

1-10 из 12

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.