БАТЫСТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ӘЙЕЛ ДӘРІГЕР – АҚҚАҒАЗ ДОСЖАНОВА

Авторы

  • Ерке Конбай Автор
  • Айдын Әбденов Автор

Ключевые слова:

Аққағаз Досжанова; тұңғыш әйел дәрігер; Ташкент; панасыз балалар; ХХ ғасыр 20-30 жылдар; Алаш; Сағындық Досжанов.

Аннотация

Ақтөбе өңірінде туған дарынды, білікті дәрігер Аққағаз Досжанова ХХ ғасырдың бастапқы ширегінде қазақ халқының медицина саласына зор үлес қосқан тұлға. Кеңес үкіметінің қиын қыстау кезінде жасөспірім қыз Орынбор қыздар гимназиясын үздік аяқтап, Мәскеу медицина курсына жолдама алады. Аққағаздың Мәскеуден білім алуына себепкер болған ағасы Сағындық Досжанов туралы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған құжаттар алынып, сараланады. Осы музей қорындағы Аққағаз бен ағасы Сағындық туралы жиналған құжаттар мақаланың негізі болып табылады. Аққағаздың дәрігерлік қызметінің шарықтауы 1921-1922 жылдардағы Батыс өңірін жайлаған аштықпен тура келеді. Сол жылдардағы табиғи апаттан егін шықпай, Батыстағы губерниялары мен уездердегі балалардың халі аса ауыр болды. Орталық балалар комиссиясы жұмысын 1921 жылы 16 шілдеден бастады. Панасыз қалған балаларды қамқорлыққа алу, балалар үйіне орналастыру жұмыстарын ұйымдастырады. Зайыбы А. Ершин мұғалімдер семинариясын аяқтау мақсатында Орынборға келіп, оқып жүріп, Ташкент қалалық оқу-білім жанындағы балалар үйлері мен интернаттар үйінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Ерлі-зайыптылардың тағдыры осы жерде қауышады. А. Досжанова жұқпалы ауруларға шалдыққан, ашыққан әйелдер мен балаларды емдеп қана қоймай, газет беттеріне тұрмыстық гигиена, сақтық шараларына қатысты мақалалар шығарды. Қоғамдық жұмыстарда Аққағаз елдегі саяси өмірдің «Алаш» үкіметінің басшыларымен бірге ірі қалалардағы жасырын барлау қызметтерін атқарғандығы туралы естеліктер ашылады. Отбасындағы Аққағаздың аяулы ана, сүйікті жар бейнесін ашуға жұбайы Ә. Ершиннің музей қорында сақталған естеліктері негіз болады.

Опубликован

2024-10-30

Похожие статьи

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.