ЖОҢҒАР БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛ БАСТАҒАН СЕМЕЙ – ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ БАТЫРЛАРЫ
Ключевые слова:
Семей – Ертіс батырлары, Жоңғар соғысы, Қазақ батырлары, Қазақстан тарихы, Қазақтың батырлары, Қазақстанның Халық Батырлары, Қазақ хандығы, Жоңғар хандығы.Аннотация
Мақалада жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Семей – Ертіс өңірінің жоңғарларға қарсы күресі, ел басқарған хандар мен батырлардың рөлі және олардың қазақ халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі талданады. Сонымен қатар, қазақ батырларының елінің тәуелсіздігі мен жерін қорғаудағы сыртқы басқыншылыққа қарсы тұруға қосқан ерлік істері шежіре деректеріне сүйене отырып сарапталады. Жоңғар басқыншыларына қарсы әскери қимылдарға белсене қатысқан Семей – Ертіс жауынгерлерінің әскери ерліктері, әлеуметтік рөлі мен қазақ халқының қоғамдық санаға әсері бағаланады. Мақалада шежіре, аңыз-әңгімелер, фольклор сияқты тарихи дерек көздері, сонымен қатар қазіргі тарихи зерттеулердің нәтижелері пайдаланылған.
Зерттеудің әдістемелік негізі тарихи-салыстырмалы талдау, тарихи-генетикалық әдіс және жүйелік талдау әдісі болды. Зерттеу нәтижесінде Семей – Ертіс жауынгерлері қазақ халқының бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарғаны анықталды. Олар тек әскери қолбасшылар ғана емес, сонымен бірге өз отандастарын азаттық үшін күресуге баулитын рухани тәлімгерлер болды. Олардың ерліктері қазақтың ұлттық болмысының қалыптасуына және тарихи жадын сақтауға ықпал етті.
Жоңғар шапқыншылығы жағдайындағы Семей – Ертіс батырларының рөліне жан-жақты талдау жасау арқылы, еңбекте алғаш рет Семей – Ертіс жауынгерлері қатысқан соғыс қимылдары туралы деректер жүйеленіп, олардың қоғамдық санаға ықпалы талданады. Зерттеу нәтижелері тарихшыларға, этнографтарға, сондай-ақ Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын қалың оқырманға пайдалы болуы мүмкін.
Загрузки
Опубликован
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2024 Редакция журнала следует закону об авторском праве Республики Казахстан и соответствующим международным соглашениям. Авторы сохраняют свое авторское право и предоставляют журналу «Вестник Университета Шакарима. Серия исторические науки» право первой публикации рукописи. Автор имеет право копировать и распространять материал на любом носителе и в любом формате при условии соответствующей ссылки на журнал. Читатели, пользователи могут свободно копировать, распространять и адаптировать материал при условии указания авторства работы и ссылки на этот журнал.
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.
Авторское право предполагает добросовестность и ответственность каждого соавтора, внесшего значимый вклад в написание статьи.
Автор имеет право хранить свои публикации в институциональном или других хранилищах по своему выбору при указании соответствующей ссылки на сайт журнала.