ЭПИСТОЛАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР БАЙЛАРДЫ ТӘРКІЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ (ХХ Ғ. 20-30 ЖЫЛДАРЫ)
Ключевые слова:
архив, дереккөз, тәркілеу, қаулы, эпистоляр, құжаттар.Аннотация
Кеңес дәуірінде Қазақстан тарихына қатысты архив құжаттары мен ресми материалдар негізінде жазылған, бірақ кеңестік саясатқа сәйкестендірілмеген тәжірибелік материалдар жеткілікті болды. Үстемдік ететін «әдістемелік периметрдің» авторлары ХХ ғасырда үкімет жүргізген аграрлық реформаларды, оның ішінде Қазақстан экономикасын дағдарысқа ұшыратқан байларды, кулактарды тәркілеу мәселелерін сипаттады. Бұл «іздеу процедурасы» кезінде авторлар алдын ала дайындалған схемалар мен стереотиптерге қайшы келетін деректі материалдарды елемеді. Ең құнды дереккөздердің бірі – эпистолярлық құжаттар, халықтан түскен арыз-шағымдар, хаттар болып табылды. ХХ ғасырдың 20–30-жылдарында Қазақстанда байларды тәркілеу және шаруаларды күштеп ұжымдастыру саясаты кеңінен орын алды. Кеңес өкіметінің партия, кеңес органдарына түсіп жатқан арыз-шағымдарда, халықтың күнкөріс көзі болып отырған малынан айырудың сан-алуан тәсілдері және оның барысында орын алған зорлық-зомбылықтар баяндалады. Жұмыстың мақсаты қолдан жасалған саясат ретінде ірі қазақ байларын күшпен жоюды мақсат еткен тәркілеу мәселесін архив құжаттары негізінде зерттеу болып табылады. Түптеп келгенде, бұл шара Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстардың өріс алуына негіз қалады. Жұмыстың міндеті ХХ ғасырдың 20–30-жылдарындағы халықтың мал-мүлкін тәркілеу туралы партия, кеңес органдарына, құқық қорғау мекемелеріне жазған арыз-шағымдарын тарихи дереккөз ретінде талдау болып табылады. Архив құжаттары мен хаттарына байланысты жасалған ғылыми тұжырымдар мен зерттеу нәтижелері оның кеңестік дәуірдегі орны мен рөлін анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл зерттеу қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы тарихында дербес саяси тәуелсіздікке ұмтылу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Загрузки
Опубликован
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2024 Редакция журнала следует закону об авторском праве Республики Казахстан и соответствующим международным соглашениям. Авторы сохраняют свое авторское право и предоставляют журналу «Вестник Университета Шакарима. Серия исторические науки» право первой публикации рукописи. Автор имеет право копировать и распространять материал на любом носителе и в любом формате при условии соответствующей ссылки на журнал. Читатели, пользователи могут свободно копировать, распространять и адаптировать материал при условии указания авторства работы и ссылки на этот журнал.
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.
Авторское право предполагает добросовестность и ответственность каждого соавтора, внесшего значимый вклад в написание статьи.
Автор имеет право хранить свои публикации в институциональном или других хранилищах по своему выбору при указании соответствующей ссылки на сайт журнала.