Депортация, көші-қон үдерістерінің Шығыс Қазақстанныңэтнодемографилық құрамына ықпалы (1930-1950 жж.)

Авторлар

  • Танакоз У. Джакипова Автор

Кілт сөздер:

саясат; ұйым; ұлт; шекара; халық; облыс; этнос; депортация; эвакуация; көші-қон.

Аңдатпа

Бұл мақалада 1930–1945 жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстан өңірінде орын алған этнодемографиялық процестер жан-жақты қарастырылады. Кеңестік тоталитарлық жүйенің қатаң әлеуметтік-саяси реформалары, ұжымдастыру, ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс жылдарындағы көшіп-қону қозғалыстары өңірдің этникалық құрамына, халық санына және оның әлеуметтік құрылымына елеулі өзгерістер енгізді. Аталған кезеңде өзге ұлт өкілдерінің (мысалы, корей, неміс, шешен, ингуш, поляк және басқа да этностардың) мәжбүрлі депортация арқылы Шығыс Қазақстанға қоныстандырылуы, жергілікті қазақ халқының демографиялық ахуалына кері әсерін тигізді. Сонымен қатар, индустрияландыру мен соғысқа байланысты ішкі көші-қон қозғалыстары аймақтың этникалық картасын қайта қалыптастырды. Мақалада архивтік деректер мен ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, осы этнодемографиялық өзгерістердің себептері мен салдары, сондай-ақ олардың аймақтық ерекшеліктері талданады. Зерттеу нәтижелері Шығыс Қазақстандағы этносаралық қатынастар мен демографиялық үдерістердің тарихи негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар А.Н. Алексеенконың, Т. Омарбековтың, М. Қозыбаев сияқты демограф ғалымдардың еңбектерінен де зерттеулер келтірілді. Қоныс аударылған халықтар мен ұлт өкілдерінің құрамы талданып талқыланды. 1940-1950 жылдар ғылыми түрде қатаң бағалауды, оң және теріс жақтарын қатар қарастыруды қажет ететін қазіргі замандағы Қазақстан тарихындағы күрделі және қайшылыққа толы кезең болып табылады. Тақырыптың аз зерттелгендігі, күрделілігі және маңыздылығы әсіресе Шығыс Қазақстан өңірі үшін қажетті жағдай болмақ.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 11

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.