Манаш Қозыбаев – ұжымдастыру, ашаршылық және қуғын-сүргінмәселелерінің ірі зерттеушісі
Кілт сөздер:
қазақ тарихы, тарихи сана, ұжымдастыру, ашаршылық, тәркілеу, қуғынсүргін, ғылыми мұра, тәуелсіздік.Аңдатпа
Мақаланың мақсаты М. Қозыбаевтың еңбектеріндегі негізгі тақырыптар мен әдістемелік тәсілдерді анықтай отырып, оның ғылыми мұрасын талдап, жүйелеу және ғылыми зерттеу жұмысын жүргізудегі алғашқы қадамдары және Отан тарихын зерттелуіне қосқан үлесін ғылыми тұрғыда талдау. Ғалымның 1985-2002 жылдар аралығында жарық көрген көне заманнан бастап, XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне, 20-50 жылдары кеңестік өкімет тарапынан жүргізілген тәркілеу, ұжымдастыру, қуғын-сүргін нәубетіне, тұлғатануға қатысты еңбектерінің тарих ғылымында алатын орны мен маңызын зерделеп, ғылыми баға беру. Көрнекті ғалымның бүкіл ғұмыры өз ұлтының тарихын түгендеуге, бүтіндеуге арналды. Ғалым тарих ғылымының негізгі салалары бойынша терең де көлемді зерттеулер жүргізді. Кеңес тарихын зерттеумен ғана шектелмей, өткен тарихымызды қалпына келтіруде ғалым Манаш Қозыбаев өлшеусіз үлес қосты. Тәуелсіз Қазақстан концепциясын қалыптастырудағы ролі мен отандық тарих ғылымында М.Қ. Қозыбаевтың ғылыми мұрасы оның ішінде тарих ғылымына қосқан мұрасы қазіргі заман талабына сай кешенді түрде талданды. Еңбектің деректік негізін Манаш Қабашұлының ғылыми еңбектері: энциклопедиялық жинақтары, монографиялары, мақалалары және ғылыми-публицистикалық жұмыстары, мерзімдік баспасаөз беттерінде жарияланған сұхбаттары құрайды. М.Қозыбаевтың ұйымдастырушылық қабілеті, жылдар бойы жинаған тәжірибесі, терең білімі, болашақты дұрыс бағамдай білуі, алға қойған міндеттерді толық жүзеге асыра білу қабілеті – ғалымның бірден көзге түсетін ерекше қасиеттері еді. Ол тәуелсіздік таңында тұтас тарих ғылымының концепциясын айқындау ісіне жетекші болып, ғылым академиясының қабырғасындағы Тарих және этнология институтында тәуелсіздік тарихын жаңаша ойлап, батыл жазатын тарихшылардың буынын қалыптастырды. Ғалымның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ашыла түскендігін оның осы тұстағы жазған еңбектері, көтерген мәселелері мен тұжырымдары айқын көрсетеді. Ғалымның ғылыми мұрасына байланысты көптеген ғалымдар тарихнамалық сипатта пікірлері мен ойларын білдіріп, ғалымның тарихи еңбектері ғалымдар тарапынан жоғары бағаланды. М.Қ. Қозыбаевтың елімізде Отандық тарих ғылымының қалыптасуына, дамуына, оның өзекті мәселелерін шешуге арналған ой-пікірлері, қол жеткен нәтижелері мен қалдырған мол ғылыми мұрасы еңбекте қарастырылып, ғалым ретінде қалыптасуы кезіндегі өмір жолы мен тұлға ретінде қалыптасуына жан-жақты талдау жасалды. Қорытынды. Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың еңбектерінде Қазақстан тарихының күрделі мәселелері, ақтаңдақтары ақиқат тұрғысынан шешіліп қана қоймай, халықтың ұлттық санасының оянуына, қалыптасуына үлес қосты.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Құралай Ш. Аубакирова, Қымбат Қ. Байсарина (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.