Семей округінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: әкімшілікозбырлық және оның салдары (1928-1930 жж.)

Авторы

  • Бакыт Атантаева Автор
  • Айжан Ботабекова Автор
  • Мади Турлыбаев Автор

Ключевые слова:

Ұжымдастыру, ауыл шаруашылығы, реформа, экспроприация, миграция, қарсылық, көшіп кету, жер аудару, жергілікті органдар, асыра сілтеу.

Аннотация

1920–1930 жылдары Қазақстанда жүзеге асырылған саяси-экономикалық реформалар әлеуметтік және мәдени тұрғыда орны толмас өзгерістерге алып келді. Кеңес үкіметінің аграрлық саясаты, оның ішінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаралары қазақ халқының дәстүрлі өмір салты мен шаруашылық құрылымын түбегейлі өзгертіп, ауылдық аймақтардағы әлеуметтік тұрақсыздықты өршітті.

Қазіргі таңда осы тақырып шеңберінде отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеулері көптеп жүргізілуде. Олардың еңбектерінде ұжымдастырудың себептері мен салдарын талдау, сондай-ақ осы реформалардың қазақ халқының тарихи және мәдени дамуындағы терең іздеріне қатысты жаңа көзқарастар мен тұжырымдар қалыптасып отыр.

Дегенмен, өңірлік деңгейде, яғни Қазақстанның әрбір аймағындағы ұжымдастыру шараларының ерекшеліктері мен жергілікті халыққа тигізген әсеріне қатысты зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Өңірлік тұрғыдан жүргізілген зерттеулердің аздығы ұжымдастыруды іске асыру ауқымы мен оның жергілікті ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік бермей отыр. Осы бағыттағы зерттеулердің артуы, жергілікті жағдайлар мен халықтың қоғамдық-саяси жағдайын нақтырақ бағалауға ықпал етері сөзсіз.

Мақалада 1928–1930 жылдары Кеңес Одағының ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың алғашқы кезеңі және оның Қазақстанның шығысында жүзеге асу ерекшеліктері архивтік деректер мен статистикалық материалдар негізінде талданып, ұжымдастыру саясатының аймақтық сипаттары мен салдары қарастырылады.

Зерттеу барысында, ең алдымен, ұжымдастырудың себептеріне, соның ішінде мемлекетке астық өткізу жоспары аясында орын алған асыра сілтеулер, жергілікті органдардың заңсыз әрекеттері және БК(б)П ОК басшылығы тарапынан ауыл тұрғындарына бағытталған әділетсіз саясатына назар аударылған.

Сонымен қатар, авторлар ұжымдастыру шараларының қазақ ауылдары мен орыс тілді тұрғындар шоғырланған аудандарға тигізген зардаптарын салыстырады.

Опубликован

2025-04-06

Похожие статьи

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.