Тоқмұхаммет Алтынторұлының тұлғасы: эпитафия және қолжазбамәтіндерде (дереккөздік анализ)
Ключевые слова:
Тоқмұхаммет Алтынторұлы; эпиграфикалық ескерткіш; эпитафия; қолжазба; естелік, қосымша деректер; дереккөз; Семей; Қарқаралы.Аннотация
Мақалада Қарқаралы петициясына (1905 ж.) қатысқан зиялы қауым өкілі, Абыралы жерінің тумасы, ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі қоғам жəне дін қайраткері Тоқмұхаммет қажы Алтынторұлының тұлғасы эпитафия жəне қолжазба мəтіндері негізінде қарастырылады. Зерттеу объектісі Тоқмұхаммет қажының тұлғасы болғанымен, негізгі екпін, сондай-ақ, деректердің маңыздылығына, қосымша деректердің қарастырылуына беріледі.
ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси-қоғамдық қозғалыстарда көтерілген ұлттық жəне құқықтық мүддені қорғау мəселелері отандық тарихта маңызды орын алатыны сөзсіз. Бұл кезеңдегі саяси-əлеуметтік үрдістердің əсері тек халықтың жадысында ғана емес, сонымен қатар архив қорларында сақталған деректерде көрініс табады. Алайда кеңестік билікпен қоса келген қудалау саясатының салдарынан халық жадысында сақталған деректер «мұра» мағынасында ұмытылу алдында қалса, кейбір жағдайда ұмытылып та жатты.
Сол себепті, аға буын өкілдерінен қалған мұраны құжат негізінде жəне цифрлық нұсқада сақтау, қосымша деректерге мəн беру (фотоқұжат, қолжазба, мерзімді басылым, эпитафия, қолтаңба, естелік т.б. кездесетін деректер) – алдыңғы қатардағы зерттеу тақырыбы ретінде зерттеле беруі тиіс.
Соңғы он-жиырма жылда архив қорларында жүргізілген ізденістердің нəтижесінде ұлт зиялыларына қатысты есімдер толысып қана қоймай, ХХ ғ. бірінші жартысында болып өткен ірілі-ұсақты саяси, қоғамдық, мəдени шаралардың тарихи маңыздылығы да қайта қаралды. Мысалы, құғын-сүргін құрбандарын ақтау, құнды құжаттарды қолжетімді ету, құжаттарды цифрлық нұсқаға көшіру жəне т.б. деректерді жаңа қырынан қарастыру мүмкіндігін туғызды.
Загрузки
Опубликован
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2025 Редакция журнала следует закону об авторском праве Республики Казахстан и соответствующим международным соглашениям. Авторы сохраняют свое авторское право и предоставляют журналу «Вестник Университета Шакарима. Серия исторические науки» право первой публикации рукописи. Автор имеет право копировать и распространять материал на любом носителе и в любом формате при условии соответствующей ссылки на журнал. Читатели, пользователи могут свободно копировать, распространять и адаптировать материал при условии указания авторства работы и ссылки на этот журнал.

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.
Авторское право предполагает добросовестность и ответственность каждого соавтора, внесшего значимый вклад в написание статьи.
Автор имеет право хранить свои публикации в институциональном или других хранилищах по своему выбору при указании соответствующей ссылки на сайт журнала.