СЕМЕЙ ӨҢІРІНІҢ АУЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚИЫНДЫҚТАР МЕН ШЕШІМДЕР: 1920-ЖЫЛДАРДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ

Авторлар

  • Тұрсын Хазретәлі Автор
  • Карлыга Мухаметкалиева Автор

Кілт сөздер:

кеңестік білім; оқу-ағарту; халықтық білім беру; ауыл мектебі; ауыл мұғалімі; бірінші басқыш мектебі, коммуна-мектебі, шаруа жастар мектебі, оқушы; оқулық.

Аңдатпа

Бұл мақалада 1920 жылдары Семей губерниясының ауылдары мен уездеріндегі мектептерді қайта құру мен қалыптастыру процесінің тарихы қарастырылады. Зерттеу жұмысы өңірдегі білім беру жүйесінің дамуын көрсететін мұрағаттық құжаттардың, статистикалық мәліметтер мен ресми есептердің талдауына негізделген. Мақалада Халық ағарту комиссариаттарының қаулылары мен жергілікті органдарының нұсқаулықтарымен білім саласында жүзеге асқан шаралардың мазмұны ашылып, талданды. Ауылдық бірінші басқыштағы білім беретін мектептер желісінің және олардың материалдық базасының дамыту процесі қаралды. Үкімет органдарының және ауылдық қоғамдастықтың ауылдық білім берудің қалыптасуына ықпал ету дәрежесі талданды. Авторлар өңірдегі жаңа білім беру саясатының ұтымды мен осал тұстарын бірдей көрсетеді. Мақалада өңірдегі сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған бірінші басқыш мектептер, коммуна-мектебі, шаруа жастар мектебі (ШЖМ), педагогикалық курстарды құру жөніндегі іс-шаралар кешенді зерделенеді. Әсіресе, көшпелі өмір салтын ұстанатын ауылдардағы қарапайым халықтың ағарту жүйесінде туындаған қиыншылықтары жөнінде маңызды мұрағаттық деректер дәйектелінді. Халыққа білім беру мен мәдени ағартуды дәріптеуде шешуші рөл атқарған жергілікті билік пен ауылдық қоғамдастықтың қызметіне назар аударылады. Білім беру процесін ұйымдастырушылардың алдында тұрған проблемалар, оның ішінде кадрлар мен оқу материалдарының жетіспеушілігі, оқу ғимараттарының жеткіліксіздігі, сондай-ақ аймақтағы білім беру жүйесінің дамуына саяси және экономикалық факторлардың әсері қарастырылды. Қорытындылай келе, кеңестік оқу-ағарту ісі ауыл тұрғындарын оқытуда ғана емес, тәрбиелеуге де арналған білім беру саласының жаңа жолын айқындай түскендігі анықталды. Кеңестік оқу-ағарту ісі өлкенің барлық аумағын қамтып, республикадағы зайырлы білім беру жүйесінің дамуының алғышарттарын қалады деген тұжырым жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-10-29

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.